Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

461

 Әлемнің ең үздік 20 командасы қатысқан сында ел намысын 8 каратэші қорғады.

Каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды Фото: Olympic.kz

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Испанияның Памплона қаласындағы каратэден WKF ережелері бойынша командалық әлем чемпионаты өтіп, жарыс жеңімпаздары анықталды. Әлемнің ең үздік 20 командасы қатысқан сына ел намысын 8 каратэші қорғап, АҚШ, Франция, Косово және Грекия құрамаларына қарсы өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан және Диас Улбек бастаған спортшылар ширек финалға шыға алмай, жүлделі орыннан көріне алмады. Ал әлем чемпионы атағын Египет құрамасы иеленсе, Иран-күміс, Жапония-қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу