Каратэден Дархан Асаділов жартылай финалға шықты

1684

Дархан қарсылас шақ келтірмей, қатарынан төрт каратэшіні де жеңді.

Каратэден Дархан Асаділов жартылай финалға шықты

Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы кездесуін сәтті бастады. Іріктеуде 67 келіге дейінгі салмақта Асаділов түрік Ерай Самданмен кездесті. Жекпе-жектің нәтижесі бойынша Асаділов 6: 2 есебімен жеңіске жетті.

Екінші жекпе-жекте Дархан әзірбайжандық Фирдовси Файзалиевті де 6:2 есебімен ойсырата ұтты. 

Ал үшінші жекпе-жекте жерлесіміз жапониялық Саго Наотоны 3: 0 есебімен ұтты. Төртінші кездесуде мысырлық Әли Әл-Савиді де тізе бүктірді. Осылайша Асаділов жартылай финалға шықты және ол кем дегенде қола медаль алады.

Жартылай финалда отандасымыз француз Стивен да Костамен кездеседі. Жекпе-жек бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:05-те басталады. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу