Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды

462

Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Карен Хачанов ойын кезінде 6 эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Ал турнирдің жұптық сындағы финалдық кездесуінде үндістандық жұп Арджун Кадхе мен Ритвик Чудари Боллипалли тунистік-колумбиялық дуэт Скандер Мансури мен Николас Баррьентосты 3:6, 7:6(3), 14:12 есебімен ұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу