Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

223

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі жалғасып жатыр.

Карина Ибрагимова бокстан әлем кубогы кезеңінің финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Наталья Шадринамен (Сербия) жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Карина Ибрагимова әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдар 3 желтоқсанға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу