Карина Магрупова әлем чемпионатының финалына шықты

209

16-20 шілде аралығында су спорты түрлері бойынша Сингапурде өтіп жатқан әлем чемпионатына 60 елден 202 спортшы сынға түсуде. 

Карина Магрупова әлем чемпионатының финалына шықты Фото: ДРС

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Карина Магрупова алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті.

Әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасында сынға түскен спортшымыз 232.2050 ұпай жинап, үздік он екілікке еніп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұл сында әлемнің 35 елінен келген спортшылар бақ сынап, тек үздік 12 ғана келесі кезеңге өтті.

Финалдық сайыс 19 шілдеде өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Каринаға зор үміт артып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу