Доминикан Республикасының өкілі бұл кездесуді чемпиондық белбеулерді біріктіруге жол ашатын маңызды айқас ретінде бағалайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, қарсыласының төңірегіндегі допинг дауына қарамастан, жекпе-жек өткізу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.
Карлос Адамес бұл айқасты өзі үшін ерекше мәні бар кездесу санайтынын және кәсіби мансабын аяқтағанға дейін Жәнібек Әлімханұлымен кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді. Десе де, бұған дейін ол Нью-Йоркте америкалық Остин Уильямсқа қарсы жекпе-жекте өз чемпиондық атағын қорғауы тиіс.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний анықталып, осыған байланысты оның Эрисланди Ларамен жоспарланған кездесуі кейінге шегерілген еді.