Карлссон "Барыспен" келісім-шартты ұзартты

2008

"Қақпашы Хенрик Карлссон клубпен келісім-шартты ұзартты. Келісімге 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін бір маусымға қол қойылды", - деп хабарлайды "Барыстың" ресми сайты.

Карлссон "Барыспен" келісім-шартты ұзартты

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда Карлссон тұрақты чемпионатта 20 матч өткізіп, 12-де жеңіске жетті. Оның жекелей көрсеткіштері - 92,5% тоқтатылған соққылар, ал сенімділік коэффициенті 2,19 құрады. Гагарин Кубогының плей-офф кезеңінде Карлссон "Металлургпен" бірінші раундтың сериясы бойынша бір маусым өткізді және 7 соққының 7-ін де тоқтатты.  

"Барыста" Қазақстан құрамасының голкипері 2016 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Ол ҚХЛ-да  барлығы 283 матч (145 жеңіс, 92%, 2,31) өткізген. 

Сонымен қатар сейсенбі күні тағы бір жас қақпашы Денис Каратаев "Барыстың" ұсынысын қабыл алғаны белгілі болды. Ол былтыр Жоғарғы Хоккей Лигасында елордалық команданың фарм-клубы "Номадтың" намысын қорғаған болатын. Каратаев еліміздің басты хоккей клубы "Барыспен" екіжақты келісім-шартты 2022 жылдың 30-сәуіріне дейін, яғни екі жылға жасады. Бұл құжат хоккейшіге Құрлықтық Хоккей Лигасында және Жоғарғы хоккей Лигасында да ойнауға мүмкіндік береді. Былтырғы маусымда Каратаев 18 ойынға қатысып, орта есеппен 3,24 шайба ғана жіберген. Сондай-ақ Жастар Хоккей Лигасында "Снежные Барсы" командасында 7 кездесу өткізген.

Сонымен, қазіргі таңда "Барыста" үш қақпашы бар. Ал, енді елордалық команда Құрлықтық Хоккей Лигасының деңгейінде өнер көрсетіп жүрген Карлссонмен және екі жас қақпашымен маусымды жалғастырып, тәуекелге бара ма, әлде жоқпа, белгісіз. Сондықтан клубта қақпашылардың бос орындарының жабылуы туралы айту әлі ертерек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу