Қарны шыққан африкалықтарды жеңді

4676

Қазақстанның екі боксшысы Батыр Жүкембаев пен Садриддин Ахметов сенбі күнгі бокс кешінде жеңімпаз атанды.

Қарны шыққан африкалықтарды жеңді

24 желтоқсан күні Алматыда өткен бокс кешінде бірінші орта салмақ және ең жеңіл салмақ бойынша титулдар сарапқа салынды. 63,5 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта Батыр Жүкембаев анық фаворит еді. Ол осыған дейін өткізген 19 кездесуінің 15-ін ерте аяқтаған. Тек бір кінәраты ол – бір жыл бойы рингке шықпады. Бұл жолғы қарсыласы Оңтүстік Африка респибликасының өкілі Ксолани Мкотели болатын. Мкотели осыған дейін 7 кездесуін жеңіліп қалған еді.

Бастапқыда Жүкембаев қарсыласына ойнауға мүмкіндік беріп жүрді. Сосын, 4 раундта нокдаунға жіберді. Одан кейінгі раундта екі мәрте нокдаун алған африкалықтың шамасы түсінікті болды. Есім-сойы белгісіз, африкалықтарды шақырып алып Алматыда кеш өткізу қазақ боксшыларының әдетіне айналып бара жатыр. Бұлай жалғаса берсе жанкүйерлерде бұл жағдайды түсініп, билет сатып алуларын доғарады. Мына бой да 6 раундта аяқталып, Жүкембаев 20 жеңісін тіркеді.

Одан кейін кештің негізгі кездесуі басталды. Садриддин Ахметов 69,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шықты. Қарсыласы кім дейсіздер ғой? Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Нкулулеко Мхлонго екен. Оның жасы 40-та. Бірінші раундта Ахмедов оны төрт рет жерге құлатты. Үзілісте оның бапкерлері ойынды сол жерде тоқтатайық деп, өте дұрыс шешім қабылдады.

Садриддин сонымен 13 кездесуін өткізіп, 13 жеңіс тіркеп отыр. Оның 11-і мерзімінен ерте аяқталды. Одан бөлек шаршы алаңға шыққан отандастарымыздың барлығы да өз кездесулерінде жеңіске жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу