Қаршадай қазақ футболшысын "Челси" қомақты қаржыға сатып алды

Ақпаратты әлемдік мықты инсайдер Фабрицио Романо растап отыр. 

Қаршадай қазақ футболшысын "Челси" қомақты қаржыға сатып алды Фото: meta-ratings.kz

16 жастағы қазақстандық футболшы ағылшындық клубпен келісімшартқа қол қоюға дайын, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Фабрицио Романоның мәліметінше, дарынды ойыншының алматылық "Қайраттан" ауысу құны 4 миллион еуро болған.  

– Дастан 18 жасқа толғанда келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен "Челси" клубымен 5 жылдық келісімшартқа қол қояды, – деп жазды инсайдер. 

"Қайрат" академиясының түлегіне "РБ Зальцбург", "Байер", "Бенфика" және "Реал Сосьедад" сияқты басқа клубтар да қызығушылық танытып, өз қатарына қосқысы келген. Десе де, "Челси" Дастанға ерекше қызығушылық танытқан.

2024 жылдың мамыр айында Д.Сәтпаев "Қайраттың" негізгі құрамының тарихындағы ең жас футболшы атанған еді. Сондай-ақ, ол QJ League U-18 жасөспірімдер лигасында 12 матчта 19 гол салып, 7 нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіші арқылы маусымның ең пайдалы ойыншысы атағына ие болды. 

Бұған дейін "Манчестер Ситиге" ауысқан өзбек футболшысының жалақысы туралы жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу