Қаршадай қазақ қызы дойбыдан абсолютті әлем чемпионы болды

Жарыс Түркияның Алания қаласында өткен.  

Қаршадай қазақ қызы дойбыдан абсолютті әлем чемпионы болды Фото: Қазақстан дойбы федерациясы

64 шаршыдағы дойбыдан әлем чемпионаты қазақстандықтар үшін сәтті аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан дойбы федерациясының мәліметінше, дойбының блиц пен рапид түрінен қарсылас шақ келтірмеген Батыс Қазақстан облысының спортшысы Алтынай Саматова соңғы классикалық бағдарламада да жеңімпаз атанып, 11 жасқа дейінгі санатта абсолютті әлем чемпионы атанып отыр.

Сонымен қатар, классикадан студенттер арасында тағы бір батыс қазақстандық Әнел Дәулетова күміс жүлдеге лайық болды. Ал ардагерлер арасында 64 шаршыдағы дойбыдан да қоржынға жүлде түсті.

50 жастан асқан ардагерлер арасында түркістандық спортшы Бауыржан Бердібаев классика түрінен қола медальға ие болды.

Сол секілді, әйелдер арасында классикадан 50 жастан асқандар арасынан қарағандылық Манара Әбеубекова күміс жүлдемен күптелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу