Отандасымыз бен K-1 ұйымының бұрынғы чемпионы Юта Кубо арасындағы айқас бірінші раундта тоқтатылды. Кубоның саусағы қарсыласының көзіне кіріп кеткеннен кейін Қаршыға Дәуітбек жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын жеткізді. Содан соң жапониялық файтер өз әрекеті үшін кешірім сұрады.
32 жастағы қазақстандық жекпе-жек шеберінің еншісінде 18 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Ол RIZIN-де қатарынан 4 кездесуде жеңіске жетіп, жалпы ММА-да 10 айқас бойы ұтылмай келеді.
Ал Ютаның ММА-дегі көрсеткіші – 5 жеңіс, 2 жеңіліс. 38 жастағы спортшы бұған дейін кикбоксингте 61 айқас өткізіп, соның 49-ында мерейі үстем болған.