Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаң иесі Саравут Суктхетпен бетпе-бет келді.
Бірінші кезеңде Махмұд Сабырханның соққыларынан кейін таилық боксшының қасы жарылып кетті. Соны ескерді ме, қапталдағы бес төрешінің үшеуі Махмұдты басым деп тапты.
Екінші кезеңнің соңына қарай Саравут Суктхетке нокдаун тіркеді. Есеп 5:0 болып, Махмұд айқын басымдық танытты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу