Картоп бағасы күрт қымбаттады

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
4558

Қазақстанда жыл басынан бері картоп пен еттің құны шарықтап кетті.

Картоп бағасы күрт қымбаттады

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі abctv.kz-ті хабардар еткендей, биылғы жылдың төрт айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 2,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға өссе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет түрлері 2,1%-ға қымбаттады.

Министрліктің берген мәліметіне сүйенсек, сәуір айында (2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда) картоп 35,5%-ға, көкөністер – 18,8%-ға, қой еті – 8,8%-ға, сиыр еті – 7,3%-ға, сары май – 5,4%-ға, жемістер, консервіленген сүт – 4,3%-ға, жылқы еті, кондитерлік өнімдер – 3,6%-ға, мәйек сыр 3,3%-ға қымбаттады. Ал жұмыртқа –11,3%-ға, қант – 5,9%, қарақұмық – 5,7%-ға, күнбағыс майы  4,4%-ға арзандады.

Жыл басынан бастап автокөлік 3,7%-ға қымбаттаса, шыны және керамика бұйымдары – 2,8%-ға, тоқыма бұйымдары мен дәрі-дәрмек құны – 2,3%-ға артты. Жеке тұтыну заттары, газет, кітап және кеңсе тауарлары, жиһаз бен үй тұрмысына қажетті заттар бағасы 1,9%-ға өсті. Тазалау құралдары – 1,8%-ға, тұрмыстар құралдар 1,4%-ға қымбаттады. Баллондармен сатылатын сұйытылған газ құны – 5,8%-ға, бензин – 5,5%-ға, дизельдік отын 2,2%-ға қымбаттаған.

Ал қызмет көрсету саласында ең жоғары көрсеткіш құқықтық қызметтер бағасында байқалады, ол – 7%-ға, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 6,8%-ға, денсаулық сақтау қызметтері – 3,8%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер құны 1,6%-ға артты. Қалааралық автобуспен жүру ақысы – 3,6%-ға, қала ішінде жүру 2,7%-ға қымбаттады. Ал әуе көлігімен жүру ақысы, керісінше, 2,8%-ға арзандап, теміржол көлігімен қатынау ақысы1,9%-ға төмендеді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласына келер болсақ, кәріз жүйесі 6,8%-ға, орталықтандырылған жылыту жүйесі – 5,2%-ға, ыстық су –5,1%-ға, тораптар бойынша тасымалданатын газ – 4,2%-ға, электр қуаты – 2,4%-ға, суық су 2,2%%-ға қымбаттады.

Еске сала кетсек, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, 2017 жылы инфляция деңгейі 6-8%-дан аспауға тиіс.

Ирина Севостьянова, Сүлейменова Әйгерім

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу