Қарулы төңкеріс. Кремль Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады

3407

Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, "Вагнер" жасағының басшысы Евгений Пригожин сенбіге қараған түні Ростовта әскери төңкеріс жасауға ұмтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарулы төңкеріс. Кремль Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады Фото: 24tv.ua

Қазірге бұл ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.

Ресей қорғаныс министрі Шойгу "Вагнер" жасағының бүлікші тобына әуеден соққы жасауға бұйрық берген.

Пригожиннің айтуынша, ұшқыштар бұл бұйрықты орындаудан бас тартыпты-мыс. Сондай-ақ кешкісін "Вагнер" жасағына әуеден тап берген Ресей қорғаныс министрлігінің ұшақтарына тойтарыс берілген.

Көрші елдегі жағдайдың немен тынары әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу