Қаржы министрі Президенттің жарлығын жақтырмай ма

2273

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторийді алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы министрі Президенттің жарлығын жақтырмай ма

"Былтыр енгізілген тексерулерге 3 жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Жалпы, ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Естеріңізге салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салынды. Сәйкесінше кәсіпкерлер жеке табыс салығынан, заңды тұлғалар корпоративті табыс салығынан, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер әлеуметтік салықтан, ал бірыңғай жер салығын қолданатын фермерлер мен шаруа қожалықтары жер салығынан босатылды. 

Кәсіпкерлік кодексі бойынша қызметкерлерінің саны 15 адамды құрайтын және жылына шамамен 75 млн теңге табатын кәсіпкерлер микрокәсіп иесі, 100-ге жуық жұмысшысы бар, орташа жылдық табысы 757 млн теңгеге жететін кәсіпкерлер шағын бизнес өкілі деп саналады. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша қазір осы санатқа жататын азаматтар салық төлеп жатқан жоқ. Оларға бұл құқық 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген.

Қаржы министрі Президенттің жарлығын жақтырмай ма, әлде бюджетті толтыру үшін салық төлеушілерге салмақ салғысы келе ме? Біздіңше бұл сұрақтың түсініктемесі мен нақты жауабы берілуге тиіс. 

Қанат Махамбет 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу