Қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды долларсыздандыратынын мәлімдеді

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2280

Қаржы саясатындағы жаңашылдық ретінде шетелдіктерге борышқорлық нарықтың ашылатындығын, олардың мойнына елдің валюталық тәуекелдері жүктелетіндігін атауға болады.

Қаржы министрлігі мемлекеттік қарызды долларсыздандыратынын мәлімдеді

Соңғы екі жылда ұлттық валютамыздың құнсыздануына байланысты еліміздің қаржы министрлігі сыртқы борышқорлық нарықта белсенділік таныта қойған жоқ. Ол 2018 жылдан бастап қана мемлекеттің қарызын басқаруға белсене кірісті. Қаржы министрлігі жаңа стратегияның шеңберінде алдағы екі-үш жылда 27 млрд долларды құрайтын қоржынды теңгеге көшіріп, валюталық тәуекелдерді оңтайландыратын ойы бар, деп мәлімдеді Астанада өткен ТМД және Балтық бойы елдерінің ХV Облигациялық конгресінде Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры Руслан Мейірханов.

"Биылға жоспарланған еуробондтардың жаңа шығарылымын бастаймыз. Оның көлемі, кірістілігі және мерзімі инвесторламен кеңескен соң белгілі болады. Осы мақсатта маусым айының соңында Қаржы министрлігі еуробондтарды орналастырудың параметрлерін айқындау үшін шетелдік инвесторларға арнап сырт елдерде роуд-шоулар ұйымдастырмақшы. Егер шарттар көңілімізге қонымсыз болса, онда мәмілені жаба алмайтынымыз  анық. Кемінде жергілікті құнды қағаздар деңгейінде кірістілік біз үшін жақсы шарт болып саналады. Бондтарды шығару – Euroclear-мен жұмыс бастауға септеседі. Қазір еуробондтарды теңгемен жасап жатырмыз, кейін барлық шығарылымды АХҚО биржасына ауыстырып, оларды Euroclear жүйесі арқылы инвесторларға ұсынатын боламыз", – деп түсіндірді Мейірханов мырза.

Оның айтуынша, еуробондтарды шығару Қаржы министрлігінің жергілікті құнды қағаздарының кірістілігіне, яғни түрлі мерзімділіктегі теңгелей МҚҚ шығарылымдар қалыптастыратын ішкі қағаздардың тәуекелсіз мөлшерлемесіне бағдарланбақ. Бүгінгі таңда тәуекелсіз мөлшерлеме орташа мерзімділіктегі қағаздар үшін жылдық 8,4-8,6% аралығында. Дегенмен, Қаржы министрлігі өкілі нақтылап кеткендей, көп нәрсе сыртқы нарықтардағы жағдайға байланысты, егер ол жағымсыз болса, шығарылым да тұралайды.

Ал ішкі мемлекеттік қарыз қоржынын қайта құруға қатысты келер болсақ, қарыз алудың бірқатар параметрлерін қайта қарау көзделуде, ең алдымен орналастырудың мерзімдері, мөлшерлемелері және тартылған қаражаттың валютасы өзгертілетін болады.

"Ішкі қарызды белсенді басқару бойынша үлкен жұмыс атқарғалы жатырмыз. МҚҚ жаңа шығарылымымен қоса, айналымдағыларына да түзетулер енгізіледі. Қазір, ондаған миллиард қарызбен бірге бондтар туралы да сөз болуда. Біз МҚҚ сатып алумен қатар, еуробондтарымызды айырбастау жағын да қарастырамыз, олар бойынша шығарудың шарттарын, ең алдымен шығарылымның валютасын өзгертетін боламыз".

Мемлекеттік құнды қағаздар тікелей репо мәмілелері бойынша негізгі қамтамасыз етуші болып табылатындықтан, АХҚО биржасында репо нарығын дамытуға қатысты abctv.kz сұрағына жауап берген Руслан Мейірханов мұндай сектор да Астанада ұйымдастырылатынын, Қаржы министрлігі АХҚО алаңында ірі инфрақұрылым құратынын тілге тиек етті.

Гүлназ Ермағанбетова, Татяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу