Қаржы министрлігі ЖІӨ-ні өсірді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
14315

Қаржы министрлігі 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 0,8%-ға өседі деп болжап отыр. 

Қаржы министрлігі ЖІӨ-ні өсірді

Бұдан бұрын ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) бір жыл ішінде небәрі 0,5%-ға ғана өседі деп болжанған еді. ЖІӨ-нің күрт өсуіне Ұлттық қордан жұмсалған қаражат себеп болды деп есептейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"2014-2015 жылдары бюджет түсімдерінің күрт айзайғанын байқадық. Сол себепті көптеген оңтайландырылған шығынды Ұлттық қор трансфертімен жамауға тура келді. "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде 3 жыл ішінде шамамен 9 млрд долларды жұмсадық. Олар инфрақұрылымды дамытуға жіберілді. Осы бағдарламаны бірлесіп қаржыландыруға шамамен 9 млрд доллар бөлген бес халықаралық қаржы институтымен жасалған шекті келісім бар",– деді Бақыт Сұлтанов сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақ-израиль комиссиясының жетінші отырысында.

Қаржы министрлігі ұлттық экономиканың одан әрі өсуіне негіз болатын республикалық және жергілікті бюджетке түсіп жатқан қосымша түсімдерді байқап отыр.

"Бұл, бір жағынан, дағдарысқа қарсы шара сияқты бола ма деп күткенбіз. Шынында да, олардың жұмыс істеуінің арқасында биыл экономиканың біршама өскенін байқадық. Он айдың қорытындысы бойынша бұл 0,5%-дан асты, ал жыл қорытындысы бойынша шамамен 0,8%-ға өседі деп болжадық. Республикалық және жергілікті бюджетке түсіп жатқан қосымша түсімдерді көріп отырмыз. Бұл ЖІӨ-нің одан әрі өсуіне негіз болады", – деді Бақыт Сұлтанов.

9 қыркүйекте болған үкімет отырысында қаржы министрі ұлттық қордың трансфертінсіз мемлекеттік бюджет кірісі 8 айда 4 трлн теңгені құрап, былтырғы жылғы көрсеткіштен тура 40%-ға, яғни 1,2 трлн теңгеге артық болғанын мәлімдеді.

Бұдан бұрын премьер-министр ұлттық ЖІӨ көрсеткіші 2016 жылдың қорытындысы бойынша 0,5%-ға жететінін айтқан еді. Осымен үкімет мемлекет басшысының бұрын берген тапсырмасын орындайтын болады.

"9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсудің оң беталысын байқап отырмыз. Мұны жасалған баяндамалардан байқадық. Өсу бар. Сондықтан жыл соңына қарай мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға барлық негіз бар деуге болады. Мұны орындайтындығымызға еш күмән жоқ. Сонымен бірге инфляцияның 6-8%-дық шегін ұстап тұруымыз керек",– деді премьер-министр 25 қазанда өткен үкімет отырысында.

Бұл туралы болжам маусым айында-ақ жасалған еді. 6 маусымдағы үкімет отырысында ҰЭМ-нің баспасөз қызметі таратқан ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың баяндамасында 2016 жылы ЖІӨ-нің өсуі 0,7%-ды құрайды делінген.

Алайда, министр бұл болжамды ол кезде айтпай, кейіннен abctv.kz-ке биылғы ЖІӨ-нің өсуі 0,5%-ды құрайтын болады деген болжамын берген-ді.

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың тоғыз айында ЖІӨ өсуі былтырғы жылмен салыстырғанда 0,4%-ға жоғары көрінеді.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу