Қаржы секторы "Nur Otan" партиясын қолдайды

921

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Марат Ибатовтың сенімді өкілдері онлайн форматта Жезқазған қаласындағы қаржы секторының қызметкерлері үшін кездесу ұйымдастырды.

Қаржы секторы "Nur Otan" партиясын қолдайды

"Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіруді мақсат еткен үгіт-насихат кездесуінде Жезқазған қаласын дамытудың бағдарламасы да таныстырылды.

Жезқазған қаласының сайлауалды бағдарламасында еліміздің жетекші партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құруды, қаламызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы етуді өз міндетіне алып отыр. Дамудың жеті бағытын қамтыған құжатта жезқазғандықтарды көптен бері алаңдатқан сапалы ауызсу мен  экология, коммуналдық салада қордаланып қалған мәселелерді оңтайлы шешу жолдары көрсетілген. Атап айтқанда, көшбасшы партия 2023 жылға қарай қала  халқын 100 пайыз орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтап, 15 шақырымдық Есқұла су құбырының құрлысын аяқтауды, ұзындығы 196 км қалаішілік су желілерін қайта құрылымдауды, Үйтас-Айдос су құбырының 44 шақырымын жаңартуды көздеп отыр. Осылайша, таза суға қолжеткізетін мысты өлке тұрғындарының сапалы медициналық қызметтің, сапалы жол мен инфрақұрлымның игілігін көретін күні алыс емес. Азаматтарды қолжетімді баспанамен, бұқаралық спортпен, сапалы біліммен және мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін жоғарлату мақсатында да бірқатар жобалар қолға алынбақ. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға кедергісіз орта қалыптастыру партия назарынан тыс қалмағаны тағы бар. "Nur Otan" партиясы ауылдағы ағайынның да қамын қарастырып қойды. Алдағы жылдары Жезқазғанға қарасты Талап, Кеңгір мен Малшыбай ауылдарын кеңжолақты интернет жүйесімен қамту, жолдарын жөндеу, абаттандыру сынды маңызды мәселелерге көңіл бөлінген.

Алдағы жылдары мемлекеттік "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламалары аясында кәсіпкерлікті өркендетуге арналған қолдау шаралары кеңейтіліп, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық берілетінінен хабардар болған банк қызметкерлері Елбасының қолдауын ұдайы сезінетіндерін алға тартып, әр қазақстандыққа лайықты өмір сыйлауды мақсат еткен Нұрсұлтан Әбішұлы бастаған "Nur Otan" партиясы мен оның кандидаттарын таңдайтынын айтып, алдағы сайлауда "нұротандық" кандидаттардың жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.

"Nur Otan" партиясы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу