Қаржылай қолдау қорынан көмекті қалай алады?

3963

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл 63 млрд теңге көлемінде шағын несие беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қаржылай қолдау қорынан көмекті қалай алады?

Қордың баспасөз хатшысы Дамир Аспанның айтуынша, бұл шағын кәсіпкерлік саласындағы 12 мыңнан астам жобаны қаржыландыруға жетеді.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры беретін несие көлемі өткен жылғы деңгейде сақталады. Берілетін несиенің негізгі үлесі "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тиесілі. Несие қаржысының жартысынан астамы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобалары мен стартап-жобаларға беріледі", – дейді Дамир Аспан.

Еске сала кетейік, "Еңбек" бағдарламасы аясында мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл кәсіпкерлігін ілгерілету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау сияқты негізгі жобалар қаржыландырылады.

 

"Ауыл кәсіпкерлері 4,6,12 млн теңгеге дейін 6,5 жылға дейінгі мерзімге шағын несие ала алады. Сондай-ақ ауылмен қатар қалаларда жүзеге асырылатын жобалар несиелендіріледі. Олар бойынша несие сомасы 16 млн теңгеге дейінгі соманы, ал Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалалары бойынша 20 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6 пайыз. Бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7 пайыздан аспайды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне несиелер жылдық 4 пайызбен беріледі. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі 4,7 пайыздан аспайды", – дейді қордың өкілі.

Бағдарламаға ауыл шаруашылығы бағытындағы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті ашатын немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлер қатыса алады.

"Өтінімдер қабылдана басталғалы бір айдай уақыт болды. Бірқатар өңір несие үлестіруді бастап кетсе, енді бірқатары әлі өтінімдерді қабылдау үстінде. Бұған дейінгі жылдары солтүстік өңірлер, Маңғыстау, Атырау облыстарының белсенділігі төмен еді. Биылдан бастап олардың қарқын күшейді. Тиісінше, жобалар саны да артты. Бұл ел ішінде жүргізілген түсіндіру, насихат жұмыстарының жемісі", – дейді Дамир Аспан.

Ғалия Әділ


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу