Қазақстан қор биржасындағы алғашқы мәміле бір доллар үшін 495 теңгеге жасалды, деп жазды inbusiness.kz.
Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пункттері қайта доллар мен еуро сатуды бастады.
Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, қазір ақша айырбастау пункттері АҚШ валютасын орта есеппен 492-ден сатып алып, 499 теңгеден саудалауда.
Еске сала кетсек, 28 ақпан Қазақстан қор биржасындағы сауда сағат 15:00-ге шегерілген еді. Ол Франкфурт аукционы жүйесі бойынша жұмыс істейді, бұл биржалық алыпсатарлық мүмкіндігін барынша азайтады.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу