KASE Ұлттық банктің жаңа есептік мөлшерлемесіне қалай әсер етті

Елена Брицкая Елена Брицкая
32023

Өткен аптада қазақстандық қор биржасында валюталық және ақшалай нарық төмендеуді көрсетті, ал оның есесіне KASE индексі өсті.   

KASE Ұлттық банктің жаңа есептік мөлшерлемесіне қалай әсер етті

Өткен аптада қазақстандық қор биржасында валюталық және ақшалай нарық төмендеуді көрсетті, ал оның есесіне KASE индексі базалық мөлшерлеменің өзгеруіне әсер етіп (жылдық 13%-ға дейін төмендеді, - ред.еск.) өсті. Оның есесіне  KASE индексі мұнай бағасының және халықаралық алаңдардағы жақсы жаңалықтардың өсуі аясында бір апта ішінде 45,6 байнаға немесе 4,6 %-ға өсті, ол жылдық 241,7 %-ға теңеседі. 
Валюталық нарық: базалық мөлшерлеме қырынан шықты
Өткен аптада АҚШ долларының бағамы бір долларға 338,52 теңгені құрап 0,06 теңгеге немесе 0,02 %-ға өсті. Мұнай бағасының өсуі аясында теңгенің тұрақталуы дүйсенбідегі ҚРҰБ-ның базалық мөлшерлемесінің төмендеуіне кері әсерімен  орны толды. Екі қарсыласушы факторлардың соқтығысуы нәтижесінде АҚШ доллары бағамының өсуіне қырынан келді. Апта қорытындысы бойынша ресей рублінің бағамы 0,1 теңгеге немесе 2,0 %-ға артып, біршама өсуді көрсетті. Жұма күні жабық сауда сессиясында ресей рублінің бағамы  5,37 теңгені құрады. Қытайдағы ЖІӨ-нің өсуі, сонымен қатар өнеркәсіптік өндіріс және бөлшектік сауда көлемі бойынша оң макроэкономикалық мәліметтердің шығуынан кейін қытай юанына қатысты теңге әлсіреді. Юань бағамы 0,04 теңге немесе 0,1 %-ға өсіп бір юань үшін 50,57 теңгені құрады. Еуроға қатысты жалғыз нәтижелі сауда сейсенбі күні бағам бір еуро үшін 377,0 теңгені құрағанда тіркелді.
Қор нарығы: Жақсы жаңалықтар
Оң макроэкономикалық мәліметтерді жариялауға байланысты халықаралық алаңдарда жақсы көңіл-күй қалыптасты, сонымен қатар мұнай бағасының өсуі қазақстандық акция нарығында жақсы көрінді. Бір апта ішінде KASE индексі 45,6 байнаға немесе 4,6 % болып, жылдық 241,7 %-ға теңесті. Біршама өсу "Қазақстан Халық Жинақ банкі" АҚ акцияларының 18,6 %-ға артқанын көрсетті. 
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ –ның еншілес компания акционерлеріне акцияларды сатып алу бағасының 13 шілдеге өсуі туралы хатты жариялауынан кейін  "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның қарапайым акциялары 10,9 %-ға қымбаттап, нақты өсімді көрсетті.  Нәтижесінде  дәл сол күні "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның акциялары KASE-де 6,1 %-ға артты, осы уақытта Лондон қор биржасында бағалар 17,0 %-ға артты. Аптаның қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл", "KEGOC", "Қазақстан Халық Жинақ банк" АҚ-ның қарапайым акциялары  ең өтімді акциялар болды. 
Бүгін "Ақтөбе металл конструкциялар зауыты" АҚ-да жазылу арқылы IPO-ға қатысуы үшін соңғы күн. Жазылу барысында өтініштерді қабылдау 2016 жылдың 5 шілдесімен 18 шілдесі аралығында жұмыс күндерінде Алматы уақытымен 10:00- ден 17:00-ге дейін қабылданады. Аталған акцияларға жазылуды өткізу барысында сатушы есебінде "Фридом Финанс" АҚ болады. Жазылуды өткізуде құнды қағаздың коды- AKZM. Жазылу барысында KASE сауда жүйесіне жабық түрде берілген тек лимиттелген өтініштер ғана қабылданады. Көрсетілген акциялардың бағасы бір акция үшін 11177 теңге.
Ақша нарығы: Тағы базалық мөлшерлеме  
11 шілде 17:00-де "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі" ММ ( одан әрі-ҚРҰБ) базалық мөлшерлемені +/- 1,0 % дәлізбен жылдық 15,0 %- дан 13,0 %-ға дейін төмендетті. Аталған шешім ҚРҰБ болжамдық көрсеткіштерімен нақты инфлияцияның сәйкестенуімен негізделді, бұл осы жылдың соңына қарай инфлицияның жоғарғы шегі  6-8 %-дық дәлізге жетуі мүмкін. 
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім ішкі және сыртқы факторларды есепке ала отырып қабылданды. ҚРҰБ-ның ішкі факторлары арасында 2016 жылдың мамыр-маусым айларында мұнайдың әлемдік нарығында бағаның өсуін атап көрсетті. Ішкі факторлар арасында ішкі валюталық нарықтың тұрақтылығы, сонымен қатар репо нарығында теңгелік өтімділіктің құрылымдық пайдасының қалыптасуы атап көрсетілді.
KASE-нің ақшалай нарық сегменттері сейсенбі күні жауап қайтарып, валюталық нарық айырбас кірісі жылдық 12,4 %-ға дейін төмендеді, осы мезетте репо нарығындағы  кіріс жылдық 12,1 %-ға төмендеді. Аптаның соңына қарай екі сегменттің де кірістілігі жылдық 12,0 %-ға дейін төмендеді, бұл белгіленген дәліздің төменгі шегі болып табылады. 


Елена Брицкая   KASE материалдары бойынша

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу