"Бүгінгі таңда әлемдік практикада қашықтан жұмыс істеу белсенді даму үстінде, сондай-ақ жұмыскердің аралас жұмыс істеу режимінде жұмыс істеуді үйлестіруінің құқықтық мүмкіндігі қарастырылған. Коронавирустың таралуына дейін жүргізілген халықаралық зерттеуге сүйенсек, 2020 жылдың басында әлемдік компаниялардың 16%-ы толығымен қашықтан жұмыс істеді, ал 40%-ы аралас жұмыс режимін қолданды. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы, қызметкерлердің орта есеппен 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне алып келді", – деді cенатор Нариман Төреғалиев.
Депутаттың сөзінше, қашықтан жұмыс істеу мен еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтық күні бүгінге дейін Еңбек кодексінің 138-бабымен ғана реттелді және бұл құжат мәселені толық шешпеді.
"Заң жобасында көзделген нормаға сәйкес, төтенше жағдайды енгізу, жариялау және шектеу іс шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Егер жұмыскер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланатын болса, жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі тараптардың келісуі бойынша белгіленеді", – деді Нариман Төреғалиев.
Сенатордың сөзінше, жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау мақсатында еңбек шартында жұмыс уақытының тіркелген есебін белгілеу жөніндегі норма көзделді, осы уақыт ішінде жұмыскер жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеуін сақтай отырып, жұмыс уақыты шегінде жұмыс берушімен байланыста болу үшін қолжетімділік режимінде болуға тиіс.
"Бұл ретте еңбек шарты тараптардың келісуі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, икемді жұмыс уақыты режимін белгіленуі мүмкін. Сонымен бірге орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда жұмыс берушіге, қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді. Жұмыс берушінің жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасасу құқығы бекітілді", – деді Нариман Төреғалиев.
Қанат Махамбет
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз !