Қашықтықтан жұмыс істеуге арналған онлайн-сервистер

28379

Елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты бірқатар компанияның қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істейтін болды. 

Қашықтықтан жұмыс істеуге арналған онлайн-сервистер

Осы орайда inbusiness.kz сайты үйде отырып-ақ құжаттармен жұмыс істеуге, файл алмасуға, тапсырмаларды орындауға арналған онлайн-сервистердің тізімін құрды. 

Мессенджерлер

Slack. Тегін және ақылы түрі бар. Бұнда тақырыптар не тапсырмалар бойынша ашылған арналар арқылы ақпарат алмасуға болады. Сонымен қатар тек бір қолданушымен сөйлесуге мүмкіндік бар. Google, Dropbox, Trello құжаттары оңай жүктелінеді. 

Discord. Тегін видеочат. Браузерде де, қосымша ретінде де істейді. Геймерлерге арналып жасалған,бірақ оны қашықтықтан жұмыс істеу барысында да пайдалануға болады. 

Microsoft Teams. Бұл мессенджерде чатта сөйлесуге, видео арқылы қоңырау шалуға, басқа қосымшалармен байланыс орнатуға және файлдарды сақтауға болады. Жаңа коронавирус пандемиясына байланысты Microsoft компаниясы тұтынушыларға сервистің премиум түрін тегін пайдалануға рұқсат берді.

Видео конференцияларға арналған сервистер

Zoom. Видео арқылы байланыс орнатуға арналған сервис. Оның тегін және ақылы түрлері бар.

Skype. Microsoft компаниясына тиесілі VoIP сервис.Оның тегін түрінде видео арқылы 50 адаммен конференция өткізуге болады. 

Google Meet. Пандемияға байланысты компания 1 шілдеге дейін G Suite қолданушыларынан қосымшаның премиум опциялары үшін төлем алмайтын болды. Мұнда 250 адаммен онлайн түрде конференция ұйымдастыруға болады. 

Мәтін және кестемен жұмыс істеуге арналған сервистер

Google Docs және бизнеске арналған G Suite нұсқасы - тегін мәтіндік редактор. Бұл жерде мәтіндік файл, кесте және презентацияларды өңдеуге, оқуға болады. Файлдар арнайы cloud-та және Google Drive-та сақталады. Қолданушыларға тегін түрде 17ГБ сақтау орны беріледі.  

Microsoft Office 365. Outlook поштасымен, OneDrive-пен және Microsoft-тың Word, Excel, PowerPoint, OneNote, SharePoint, Microsoft Teams қосымшаларымен онлайн түрде жұмыс істеуге арналған. Бұл – ақылы сервис. 

Таск-менеджерлер

Jira. Командалық жұмысқа арналған ақылы сервис. Бағасы - шамамен бір айға 10 доллар.  

Trello. Командалық жұмысқа арналған тегін сервис. Мұнда қолданушыларға тапсырма беріп, оның орындалуын онлайн түрде қадағалауға болады.

Basecamp. Топтық чаттар, to do тізімдер, тапсырмалар мен пікір алмасуға арналған арнайы функциялар бар. 

Notion. Қосымшаға мини-CRM, қолданушыларға арналған to do тізімдер орналастырылған. Оның ақылы және тегін түрлері бар.  

Monday.com. Жобалардың іске асырылуын бақылау мен жоспарлауға арналған сервис.

Тайм-трекерлер.

Yaware. Украин компаниясының сервисі. Оның көмегімен қызметкерлердің жұмыс уақытын бақылап, жиналыстар мен үзілістердің уақытына есеп жүргізуге және қызметкерлер жұмысының тиімділігін анықтауға болады. 

Toggl. Сервис тапсырманың орындалуына кеткен уақытты бақылауға мүмкіндік береді.

Harvest. Бұның көмегімен тапсырманың орындалуына кеткен уақытқа мониторинг жүргізіледі. Трекер Basecamp, Trello, GitHub-пен интеграцияланады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу