Кәсіпкерлер қала бюджетіне 336 млрд теңге аударды

2852

Елордада 129 мың субъекті шағын және орта бизнеспен айналысады. 

Кәсіпкерлер қала бюджетіне 336 млрд теңге аударды

Нұр-Сұлтан қаласында "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы жүзеге асырыла береді. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI конференциясында Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов айтты.

Оның сөзінше, елордада 129 мың субъекті шағын және орта бизнес өкілі ретінде тіркелген. Олар жалпы өңірлік өнімнің 58%-ын қалыптастырып отыр.

Биылғы жылдың 7 айында шағын және орта бизнес субъектілері қала бюджетіне салық түрінде 336 млрд теңге аударған.

"Билік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. Палата "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы аясында биыл 20 сауда орнының үлестірілуіне атсалысады",- деді Алмат Жүнісов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда елордада "1000 орын - көше саудасы" бағдарламасы нақты нәтиже беріп жатыр. Бағдарлама аясында Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ 603 жер телімін игеріп отыр. Бүгінге дейін 409 павильон орнатылған. Кәсіпкерлер кедергісіз жұмыс істеп, табыс табуда.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу