Кәсіпкерлердің 70 пайызға жуығы табысын жасырып отыр

1487

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде салық төлемей жүрген кәсіпкерлер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпкерлердің 70 пайызға жуығы табысын жасырып отыр Фото: ortcom_kz

"Қазіргі кезде көп салық төлеуші тіркеуде түр. Бірақ олардың біразы салық нысанасында нөлдік көрсеткіш көрсетіп отыр. 2023 жылғы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 1,4 млн жеке кәсіпкердің ішінде нөлдік көрсеткішті 944 мың салық төлеуші көрсетті. Бұл өз кезегінде 67 пайызға тең", – деді ол.

Бұл тұрғыда 30 пайызы заңды түрде салық төлеп жатқанын айтты.

"Қалған 67 пайызы салық төлемейді, нөлдік көрсеткіш көрсетеді. Ұлттық банктің дерегіне жүгінсек, барлық төлем банк карточкасы арқылы өткен. Мәселен, бәріңіз дүкеннен тауар сатып аласыздар. Олардың айналымы бір жылдың ішінде 55 трлн теңге болды. Ал мобильді аударымдардың сомасы 80 трлн теңгені құраған. Түсінесіз бе? Бұл ретте, төлемдердің бір бөлігі салық алаңында болмағанын, төленбегенін байқатып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі бюджет шығыны саналады. Қазіргі кезде әлеуметтік саланың дамуына үлес қосу үшін осы төлемлерді төлеу керек", – деді вице-министр.

Ол елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды толықтай қамтамасыз ету үшін салықтан жалтаруға жол бермеу керегін айтады.

"Балалар жарық әрі жылы мектепте оқуы тиіс. Халық жақсы ем алуы керек. Егер жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн теңгеден салық төлемесе, олардың жағдайы қиын болады. Сондықтан осы ақпаратты дұрыс жеткізуді сұраймын", – деді Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу