Кәсіпкерлердің бірыңғай бизнес-тізілімі жасалып жатыр

2525

Бірыңғай бизнес-тізілім 2020 жылдың екінші жартысында іске қосылады. 

Кәсіпкерлердің бірыңғай бизнес-тізілімі жасалып жатыр Фото: Гаухар Алимкулова

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ықпал етуімен еліміздегі іскерлік ахуалды түбегейлі өзгерту үшін 7 заң қабылданды. "Атамекеннің" сарапшылары кәсіпкерлікке қатысты 621 жүйелі құқықбұзушылықты анықтап, оның 79%-ын шешті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI съезінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов осылай айтты.

Оның сөзінше, палата кәсіпкерлердің құқығын қорғап, олардың 700 млрд теңгесін сақтап қалған.

Белгілі болғандай, қазір әкімшілік кедергілерді азайту мен бизнестің уақытша және қаржылық шығындарын төмендетуге бағытталған түзетулердің 8-пакетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған қоса кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімі жасалып жатыр.  Аталған бизнес-тізілім барлық  мемлекеттік органның деректер базасымен  біріктіріледі. Бірыңғай бизнес-тізілім 2020 жылдың екінші жартысында іске қосылады.

"Биыл "Атамекен" елдегі 5 ірі сауда алаңы мен 100 мыңнан астам тауар позицияларын біріктіретін "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" жобасын жүзеге асырды ", – деді Рустам Жүрсінов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу