Кәсіпкерлерге қолайлы бизнес климат қажет

Квазимемлекеттік сатып алудың 75%-ы бір орталықтан жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлерге қолайлы бизнес климат қажет

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы кәсіпкерлерінің V конференциясында өндіруші-кәсіпорындардың тыныс-тіршілігінен хабардар болу мемлекеттік сатып алуды жеңілдететінін мәлімдеді.

"Ұлттық палата жанынан нарықты зерттеу және мониторинг орталығы мен сатып алудың бірыңғай терезесі құрылды. Ол өз кезегінде мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы, "Самұрұқ-Қазына" ҰӘҚ, "Бәйтерек" ҰБХ сонымен қатар "ҚазАгро" ҰБХ сатып алуларын біріктірді. Осылайша квазимемлекеттік сатып алулардың 75%-ы бір орталықтан жүзеге асырылатын болды. Мемлекеттік сатып алуды бір жерден жүзеге асыру баға тиімділігін 30%-ға ұлғайтты. Нарықты зерттеу және мониторинг орталығы сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы біріншіден, отандық өнімге қолжетімділікті арттырады. Екіншіден, мемлекеттік сатып алу арқылы отандық өнімді қаншалықты игеріп жатқанымызды көрсетеді", – деді Тимур Құлыбаев. 

Оның сөзінше, қазір қызметін адал атқаратындардың тізімі жасалып жатыр.

Ұлттық палата мен ұлттық экономика министрлігінің бизнес-реестрге қатысты келіссөзі аяқталуға жақын.

"Бұл тек тіркеу болып қалмау керек. Әр тауар өндірушіге өнім шығаруға мүмкіндік беруіміз керек. Бұл өте маңызды. Яғни контрагенттер өздерінің контрагенттерін тексере алуы тиіс. Ол үшін банктік ақпараттар мен кредиттік бюроны пайдалану қажет. Осы арқылы әр кәсіпорынның толық бейнесін анықтауға болады", – деді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу