Кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек

7007

Қазіргі таңда Кәсіпкерлер палатасы іскер адамдардың кеңес алатын орталығы болып отыр.

Кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек

Ұйымға соңғы екі жылдың ішінде бизнестің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 1781 өтініш келіп түскен. Оның ішінен 1357 өтініш  дұрыс шешіліп, 9,5 миллиардтан астам теңгені үнемдеуге  мүмкіндік берген. Кәсіпкерлердің өтініш жасайтын мәселелерінің тізімі бізді таңқалдырады.

Олар мемлекеттік сатып алу мәселесінен бастап жер мәселесі, бәсекелестік, тарифтің құрылуы, рұсат ету процедураларына дейінгіні қамтиды. Шығыс Қазақстан Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселесі бойынша көмек көрсетуде.

Кәсіпкерлікке көрсетілген шынайы көмектің айқын дәлелі деп Көкпекті ауданындағы кәсіпкер Қарлығаш Зәкірованың түшпара цехын ашуын айтуға болады. Жергілікті кәсіпкерлер палатасы оған жобаны әзірлеуге және несие алу үшін құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Нәтижесінде ол "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 3 млн теңге көлемінде микронесие алды. Ғимаратты жалға алып, жабдықтар сатып алған. Кәсіпкерлер палатасы оған ғимарат жер телімінің мақсатты белгіленуін өзгертуге көмектесті.

"Бұл жобаға көмектесуді жалғастырамыз. Себебі, оның әр қадамына бөгет жасалып отыр. Қарлығаш Зәкірова қосымша дәмхана және түшпара жасайтын цех ашып, ыстық тамақ ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ал істі алғаш бастаған кезде ол Самарқа ауылының ауруханасының асханасында небәрі 10 шаршы метрді жалдап, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен шарт жасаған болатын. Алайда, жергілікті аурухананың бухгалтері оның жұмысына кедергі жасамақ болды. Қарлығаш Зәкірова электр қуаты бойынша шарт жасағанда, тариф 1 кВт үшін төлем 13 теңге деп көрсетілсе, құжаттарды алуға келгенде аурухананың бухгалтері заңсыз түрде 1 кВТ үшін 28 теңге деп жазыпты. Содан ол менен көмек сұрап, біз бұл мәселені шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына шықтық, тіпті, прокуратураға дейін бардық. Себебі, ауруханаға электр қуатын бөлуге лицензия берілмеген, демек тарифті өзгертуге де құқы жоқ. Бүгінгі күні бұл мәселені шештік, ақыр аяғында, шартта тариф 1 кВт үшін 11 теңге болып көрсетілді. Тіпті, о баста көрсетілгеннен де төмен болып шықты", - деді Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті филиалы бастығы Әлия Мұқашева.

Қазіргі таңда шағын бизнес сәтті өркендеп келеді. Цех тәулігіне 100 кг түшпара жасайды. Түшпараның бір килограммы - 850 теңге. Жеке кәсіпкердің шығарған өнімі ауданның сауда нүктелерімен сатылады. Алдағы уақытта цехтың көлемін 60 шаршы метрден 200-ге дейін кеңейту жоспарланып отыр. Өнімінің көлемін де арттыру қарастырылып отыр, келешекте мәнті, жартылай фабрикаттар, самса шығару жоспарда тұр.

"Кәсіпкерлер палатасының филиалы мен оның бастығы Әлия Орымбекқызы Мұқашеваға өзіме көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысым шексіз. Бастапқыда не істерімді білмей қиналдым, содан соң кәсіпкерлер палатасы филиалынан көмек сұрадым.Ол жерден алған қолдауымнан соң ғана өзімнің жұмысымды заңды түрде жалғастыра алдым. Сіздердің көмектеріңізге үлкен рахмет!", -деді "Зәкірова" ЖК директоры Қарлығаш Зәкірова.

Мұндай көмек көрсеткен мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазір әрбір жобаға қолдау мен көмек көрсетіледі. Жер телімін алуға да, өнімді өткізуге де көмек көрсетілуде.

2014 жылдан бері кәсіпкерлер палатасы облыс көлеміндегі барлығы 2000 жобаға қол ұшын беріп, қазір оның 1200-і жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 35 мың кеңес беріліп, 2500 істі жаңа бастаған кәсіпкер оқытылды.

"Бүгін біз бизнестің өзімізге сенім артатынын көріп отырмыз. Кәсіпкерлердің ҰКП-ның тәуелсіздік жылдарындағы бизнес үшін құрылған ең қажетті және маңызды құрылым дегенін естігенде қуанып қаласың. Бір кәсіпкерге жер телімін рәсімдеуге, екіншісіне қылмыстық істі жабуға, үшіншісіне өнімін өткізуге, тағы біреуіне бизнесін сақтап қалуға, бесіншісіне несие алуға көмек көрсетіп, өз еңбегіңнің нәтижесін көріп риза боласың. Осы кезде өзіңнің босқа жұмыс істеп жүрмегеніңді көресің. Бұл жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар, себебі бұл құрылымның бизнесмендерге, олардың бизнесін жақсартуға және жеңілдетуге керек екенін сезесің", - деп қортытындылады Шығыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасының бастығы Игорь Шацкий.

Жанар Асылханова, Шығыс Қазақстан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу