Кәсіпқой бокс: "Қазақ жауынгері" Азия чемпионы атанды

242

Елшат Нығметолла супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 37-орында тұр.

Кәсіпқой бокс: "Қазақ жауынгері" Азия чемпионы атанды Фото: kazakhwarrior парақшасынан

Кәсіпқой бокста "Қазақ жауынгері" лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Қазақстандық боксшы Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа жіберіп, аса жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.

Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр.

31 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу