Kaspi Bank S&P рейтингінен бас тартты

1723

Kaspi Bank екі бірдей жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктері – Fitch және Moody’s тарапынан бағаланатындықтан, S&P рейтингінен бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kaspi Bank S&P рейтингінен бас тартты Фото: kaspi.kz

Үшінші рейтингтің болуы міндетті емес. Kaspi Bank-тың қазіргі кредиттік рейтингтері елдегі барлық банктер арасында ең жоғарылардың бірі. 

Moody’s 2024 жылдың қыркүйек айында Kaspi Bank-тың ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингін "Ba1"-ден "Baa3" деңгейіне дейін көтерді. Болжам – "Тұрақты". Ұлттық өлшем бойынша банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингі - A2.kz. Сондай-ақ, Kaspi Bank-тің базалық несие қабілеттілігі "ba3"-тен "ba2" деңгейіне көтерілді.

Fitch те 2024 жылдың қыркүйек айында Kaspi Bank-ке инвестициялық деңгейдегі "BBB"- рейтингін берді, болжам – "Тұрақты".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу