SME Banking Club халықаралық қауымдастығы ТМД мен Кавказ елдеріндегі шағын бизнеске арналған мобильді банктердің тиімділігі туралы кезекті зерттеу қорытындысын жариялады.
Mobile Business Banking 2020 зерттеу нәтижелеріне сай Kaspi Business қолданбасы Қазақстандағы шағын және орта бизнеске арналған ең үздік мобильді банк болып танылды.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:
"Өткен жылы біз серіктестеріміз үшін Kaspi Business-ті жасадық, олардың көпшілігі шағын және орта бизнес өкілдері. Серіктестеріміз Kaspi Business қолданбасының көмегімен төлем қабылдайды, ақша аударады, салық төлейді, бизнесті дамытуға несие алады және Kaspi.kz-пен сатуды басқарады.
Осының бәрі мобильді телефонның экранында ыңғайлы әрі оңай жүзеге асырылады. Әр серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін рахмет!"
Талдаушылар 10 мемлекеттегі ШОБ-ке арналған 40 банктік қолданбаның функционалын сараптаған. Олар әрбір қолданбаны 140 критерий бойынша бағалаған. Сондай-ақ зерттеу кезінде бизнеске арналған мобильді қызметтерді дамытуға жауапты банк қызметкерлерімен, төлем жүйелерінің және телеком өкілдерімен сұхбаттасқан.