Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды

5494

Тек соңғы 3 күнде 200 000 мыңға жуық қазақстандық Kaspi.kz қосымшасында онлайн Kaspi Gold шотын ашты. 

Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді: 

 "Біз қазір Kaspi.kz -тің ең замануи цифрлық технологиялары іс жүзінде мемлекетке халықты әлеуметтік қолдау бағдарламасын қысқа мерзімді жүзеге асыруға, ал қазақстандықтарға жәрдемақыны ыңғайлы, әрі ең бастысы, үйден шықпастан қауіпсіз алуға көмектескенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде 351 мың сүйікті клиентіміз Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алып үлгерді".

"Kaspi Gold кезекті рет Kaspi.kz ұсынған ең сүйікті және танымал карта  мәртебесін тағы да растады. Тек соңғы 3 күнде 200 000  жуық қазақстандық біздің қосымшамыз арқылы онлайн Kaspi Gold шотын ашты", - деп толықтырды Михаил Ломтадзе.

9 сәуір, жұма күні Михаил Ломтадзе қазақстандықтар бөлімшеге келместен, үйде отырып Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашуға мүміндік беретін жаңа, ерекше онлайн сервистің іске қосылғанын хабарлады. Шот нөмірін 42 500 теңге жәрдемақыны алу үшін пайдалана алады.

Қазақстандықтар Kaspi Gold шотын ашқаннан кейін Kaspi Банкоматтан ақша шешіп, кез-келген  Kaspi Gold-қа ақша аударып, 5000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлеп, Kaspi.kz-тегі Магазинде зат сатып алады және бонус алады. Карантин мен төтенше жағдай аяқталған соң Kaspi Gold пластикалық картасын Kaspi.kz-тің кез-келген бөлімшесінде 1-ақ минутта алып, қаладағы дүкендерде карта арқылы зат сатып алуға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу