Kaspi – ҚР Ұлттық банкі мәліметтерінде депозит өсімі бойынша N1

4447

Сәуір айында қазақстандықтар Kaspi-дегі жинақ ақшасын 120,1 млрд теңгеге көбейтті. Kaspi-дегі депозиттердің жалпы мөлшері 2,6 трлн теңгені құрады.

Kaspi – ҚР Ұлттық банкі мәліметтерінде депозит өсімі бойынша  N1

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Біз Kaspi.kz-тің барлық сервистерін тиімді ғана емес, сондай-ақ ыңғайлы етуге тырысамыз. Kaspi Депозит – Қазақстандағы ең танымал депозит, оны санаулы ғана секундта тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында ашуға болады. Салымның ең аз сомасы – бар-жоғы 1000 теңге. Сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта ақша салуға және ақша алуға болады. Біз миллиондаған қазақстандықтың балаларға білім беру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, саяхаттау және өмірдегі басқа да маңызды мақсаттар үшін жинақ ақшасын сақтап, көбейтуіне атсалысқанымызды мақтан тұтамыз. Сенім артқаны үшін әрбір сүйікті клиентімізге мың алғыс!".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу