Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

1773

Науқастарды тасымалдауға арналған арнайы көліктердің алғашқылары осы аптада дәрігерлерге беріледі. 

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

Kaspi.kz компаниясы пандемиямен қарсы күреске 100 жедел жәрдем көлігін сыйлайды. Ауруханалардың жедел бригадаларына (Ауырлығы 4 санаттағы жедел медициналық шақырулар) арналған арнайы санитарлық автокөлікті отандық автоөндіруші "СарыарқаАвтоПром" Chevrolet Damas үлгісінің базасында және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сай жасайды.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

"Барлығымыз денсаулық сақтау саласына орасан зор ауыртпалық түскенін көріп отырмыз, сондықтан біздің команда пандемиямен күресте алға шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді басты міндет деп санады. Біз дәрігерлердің және Денсаулық сақтау министрлігінің автокөлік жинақтамасы туралы талаптарын зерттеп, жедел жәрдем көлігіне арналған техникалық талаптарды әзірлеп, Қазақстанда жылдам жасап шығарып, бүкіл ел аумағындағы салалық медициналық мекемелерге қысқамерзімде жеткізуге дайындадық. Арнайы жинақтамадағы алғашқы автокөліктер дәрігерлерге осы аптада беріледі".

Вячеслав Ким, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы:

"Біз дәрігерлер бригадасының шақыруларға уақытында барып, адамдарға көмектесуіне мүмкіндік болуы үшін мемлекетке 100 жедел жәрдем көлігін қайтарымсыз береміз. Отандық автоөндіруші "СарыарқаАвтоПроммен" бірге шетелде емес, Қазақстанның ішінде жедел жабдықтауға болатын көлік түрін таңдадық. Мұндай көліктердің жалпы құны 1 миллиард теңгені құрады. Мен қазір бизнес мемлекетке иық тосып, пандемияны жеңуге байланысты міндеттерді шешуге белсенді үлес қосуы керек деп ойлаймын".

"Kaspi.kz ұсынған өлшемшарттар мен Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен маневрге оңтайлы автокөлік таңдалды, бұл жедел жұмыс үшін аса маңызды. Қазіргі жағдайды ескере отырып біз жақын уақытта науқастарды тасымалдауға арналған медициналық, санитарлық, бактерицидті жарақтардың барлығымен, оның ішінде өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты, ЭКГ аппараты, ульсоксиметр мен дефибриллятормен жабдықталған көліктерді жасап шығарамыз", - деді "СарыарқаАвтоПром" директоры Сырым Семейбаев.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше ел аумағында күн сайын 1400 бригада медициналық жедел жәрдем көрсетеді, олар 26 000 шақыру қабылдайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша бұл жедел жәрдем қызметі мен қазіргі бар инфрақұрылым үшін айтарлықтай салмақ түсіріп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу