Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Kaspi.kz – толығымен Қазақстанда құрылған технологиялық және инновациялық компания екенін мақтан тұтамыз. Біз әлемдік деңгейдегі онлайн- сервистерді ұсына отырып, сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға тырысамыз. Ал бизнеске арналған сервистеріміз қазақстандық кәсіпкерлерге өсіп-өркендеуге және жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс!"
Forbes Kazakhstan іскерлік журналы Baker Tilly Kazakhstan халықаралық консалтинг компаниясымен бірлесе отырып, жыл сайын TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін жасайды. Авторлар қазақстандық интернет компанияларды онлайн-сатылымнан түскен түсімнің көлемі бойынша бағалайды.