Kaspi.kz-тің Kaspi Картомат патенті ашық пайдалануға қолжетімді болды

14500

Kaspi Картоматтың көмегімен қызметкерлерге хабарласпай-ақ, 60 секундтың ішінде атаулы төлем картасын шығаруға болады.

Kaspi.kz-тің Kaspi Картомат патенті ашық пайдалануға қолжетімді болды

Kaspi.kz Kaspi Картоматқа берілген лицензияны Қазақстанның аумағында қолжетімді жасады. Бұл туралы Ұлттық зияткерлік меншік институтының сайтында жарияланды.

Бұрын Kaspi.kz тек технологияларға ғана емес, сонымен қатар мобильді қолданба мен картоматты пайдаланып, төлем карталарын шығару алгоритміне де компанияның меншік құқығын бекітетін патент алған болатын.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді: "Біздің командамыз тек бірегей құрылғыны ғана емес, сонымен қатар Kaspi Gold-ты алудың ерекше байланыссыз процесін әзірледі. Қазіргі пандемия жағдайында байланыссыз технологияларды дамыту өте маңызды – бұл клиенттер мен қызметкерлердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуға көмектеседі. Міне сондықтан біз патентті Қазақстандағы барлық әріптестеріміз үшін қолжетімді етейік деп шештік. Елімізде картоматтардың саны барынша көп болғаны көңіл қуантар еді, өйткені қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы бәрінен маңызды!"

Михаил Ломтадзе өткен жылдың қараша айында Kaspi.kz инновацияларының дәстүрлі таныстырылымында Kaspi Картоматтың көмегімен төлем картасын шығарудың байланыссыз технологиясын таныстырған еді. Kaspi Картоматтың көмегімен қызметкерлерге хабарласпай-ақ, 60 секундтың ішінде атаулы төлем картасын шығаруға болады. Бүгінгі таңда бүкіл ел аумағындағы Kaspi.kz бөлімшелерінде 148 Kaspi Картомат орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу