Президент: Каспий құбыр желісі арқылы мұнай экспорттау көлемі артады

3034

Биыл аталған құбыр желісінің іске қосылғанына 25 жыл толды.

Президент: Каспий құбыр желісі арқылы мұнай экспорттау көлемі артады

2023 жылға дейін Каспий құбыр желісі арқылы нарыққа 80 млн тонна мұнай экспорттау жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2001 жылдан бері Каспий құбыр желісі арқылы әлемдік нарыққа 750 млн тонна қазақстандық мұнай экспортталған.

"Осылайша, мұнайды өткіу мүмкіндігі 2,5 есе артты. Жылына 67 млн тоннаға дейін. 2023 жылға дейін бұл көрсеткішті 80 млн тоннаға дейін өсіру жоспарланып отыр. Өткен жылы Каспий құбыр концорциумы барлық қарызын акционерлерге өтеді. Осылайша, ол өзінің қаржы тұрақтылығын дәлелдеді", – деді Президент Каспий құбыр концорциумы қатысушыларының акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25-жылдығына арналған мәжілісте.

Қасым-Жомарт Тоқаев концорциум Қазақстан мұнай-газ кешенінің маңызды элементі екенін атап өтті. Оның пікірінше, аталған жоба елдің экономикалық дамуына айтарлықтай үлесін қосып, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берген.

"Асыра айтқандық емес, Каспий құбыр концорциумы – мега жоба. Менің ойымша, оның болашағы жарқын болады. Каспий құбыр желісі концорциумы ширек ғасырлық мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның маңызы зор. Концорциум шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жобаны Қазақстан мен Ресей және шетелдің беделді компаниялары бірлесе жүзеге асырғанын жеткізді. Нәтижесінде мұнай тасымалы саласындағы серіктестік нығая түскен.

"Бүгінде құбыр желісі тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұған осы сала қызметкерлері орасан зор үлес қосып келеді. Каспий құбыр желісі концорциумының ұжымына, ардагерлері және акционерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін, – деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы компанияның барлық қызметкері мен ардагеріне мемлекеттік награда табыстады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу