"Каспий" мен "Астана" күшейіп жатыр

938

Қазақ футболындағы соңғы жаңалықтармен таныс болыңыздар. 

"Каспий" мен "Астана" күшейіп жатыр

Ақтаулық ұжым Вилюс Арманавичюспен келісімге келіпті. "Каспий" осы трансферлік ауысымда белсенді. Олар Вилюске дейін Пацулуя мен Джигауриді қатарына қосқан болатын. Арманавичюс шетел асып көрмеген футболшы екен. Литва чемпионатының тізесін шығарып тастаған футболшы ел аумағынан ары асып көруге бекініпті.

"Ақсу" Ахметовпен келісімшартқа отырады. "Тараздың" қорғаушысы Павлодарға қайта оралады. 18 қаңтар күні Елдос "Ақсудың" Түркиядағы жаттығу жиынына барып қосылады. Бастысы ойыншы мед тексерістен өтсе болғаны. 32 жастағы футболшы үшін Павлодар қаласы екінші үйіне айналды десек болады. Ол бұл жақта 6 маусым тұрақтаған еді. Тағы бір айтатыны, Ахметов "Ақсуға" келісімен бұрынғы командаласы Фэйт Обилормен бас қоспақ.

Жарко Томашевич - "Астана" ойыншысы. Черногориялық бұған дейін елордалық клуб сапында өнер көрсеткен болатын. Ол 2019 жылы "Остенде" ұжымынан ауысып келген еді.

Қазақстан Кубогінің өту форматы қайта өзгеріске ұшырады. Ел Кубогі бұрынғы дәлелденген форматқа қайта оралмақ. Турнирге қатысушы ұжымдар бас-аяғы 6 ойын өткізіп жүрген еді. Бірақ, команда басшыларына бұл идея ұнамаған екен. Сондықтанда олар ҚКФЛ кезекті бір жиналысында осы бір уәждерін жеткізген еді. Ендігі өткізілетін Кубок ойындарын Бірінші Лига командалары топтық кезең мачтарынан бастамақ. Ал Премьер-Лига ұжымдары 1/8 финалдан жорығын бастайды.
Жүлдеге таласатын 14 клубқа тағы 2 ұжым келіп қосылады. Қатысушылар олимпиадалық жүйеге сәйкес бақ сынайды. Бұл дегеніміз, жеңілген орында қалады деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу