Футболдан Қазақстан кубогінің топтық кезеңінің бірінші турында ақтаулық "Каспий" мен петропавлдық "Қызыл-Жар" командалары тең түсті. Ақтауда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Алтыншы минутта қонақтар сапынан Павел Яковлев гол соқса, "Каспий" ойыншылары 50-минутта Еркебұлан Нұрғалиев соққан голдың арқасында есе қайтарды.
Нәтижесінде, "Каспий" мен "Қызыл-Жар" ойнайтын В тобында қызылордалық "Қайсар" үш ұпаймен көшбасшы болып қалды. Топта соңғы орында оралдық "Ақжайық" келеді.
Футболдан Қазақстан кубогінің 1-ші кезеңінің соңғы ойынынан кейін барлық топтардың көшбасшылары анықталды. "А" тобында "Қайрат" пен "Атырау", "С" тобында "Тараз" бен "Мақтаарал", D тобында "Шахтер" үш ұпайдан иеленді.
"Каспий" – "Қызыл-Жар" – 1:1
Голдар: Еркебұлан Нұрғалиев, 50 – Павел Яковлев, 6
"Каспий": Нұрлыбек Аязбаев (В) (К) – Мақсат Тайкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский, Никола Цуцкич – Думан Нарзилдаев, Еркебұлан Нұргалиев, Рати Ардазишвили – Павел Киреенко, Руан Телеш, Әлішер Сүлей;
Бас бапкер: Николай Костов.
"Қызыл-Жар": Владимир Логиновский (В) (К) – Евгений Козлов (Руслан Есимов 78), Марк Гурман, Виктор Зябко, Олег Мурачёв, Еркін Тапалов – Сергей Тихоновский, Пабло Подио – Рафаиль Оспанов, Павел Яковлев, Элгуджа Лобжанидзе
Бас бапкер: Әли Әлиев
Ермұхамед Мәулен