Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Ол жұмыс орнында болады. Атаулы күнге орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған. Әкімшілік қызметкерлерінен құттықтаудан бас тарту туралы сұралды", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Айта кету керек, осыған дейін де Президент туған күнге байланысты осындай ұстанымда болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу