Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма берді

1829

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма берді Фото: Ақорда

Жазбаға қарағанда, Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойызда ұрғаны таспаланған бейнежазбамен танысып шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады", – делінген желідегі ақпаратта.

Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударғанын еске салады.

Онда Президент бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу