Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады

641

Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу