Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді

108

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есебі таныстырылды, деп хабарлайы inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысына атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәлімет берілді. 

Атап айтқанда, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Президент ұлттық атом энергетикасын ілгерілету мәселелерін айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу