Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу