"Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор", – деп жазды Президент Твиттерде.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, табыс және бақ-береке тіледі.
28 маусым - Қазақстан бұқаралық ақпарат құралы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу