Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр

577

Экономиканың дамуына көптеген жағымсыз факторлар ықпал етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке олқылықтар бойынша шаралар қабылдауды биылдан қалдырмауға тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновтің баяндамасын қабылдады. 

"Былтыр біраз қиындық болғаны рас. Экономиканың дамуына көптеген жағымсыз факторлар ықпал етті. Дегенмен біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстай алдық. Нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды. Шешім табуы қажет түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі. Ең алдымен еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ. Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Бірақ осы жерде атап өтуіміз керек. Ұлттық қор бұл мемлекеттік экономиканың ажырамас бөлігі. Бизнестің инвестициялық белсенділігі әлі де болса төмен деңгейде. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай дереу жою қажет. Үкімет нақты шараларды қабылдауы тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу