Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

1733

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

"Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді", – деп жазылған Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Айта кетейік, наразылық акциясы 2 желтоқсан күні Жаңаөзеннен басталған еді. Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Олар бағаны 110 теңгеден "50 теңгеге дейін түсіруді" талап етіп, орталық алаңда екі тәуліктен бері акция өткізіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол күні түн ауғанда твиттер желісінде "Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырғанын" мәлімдеді. 

Үкімет ертеңінде баға 85-90 теңгеге түсетінін хабарлады. Бағаны бизнес өкілдері "әлеуметтік жауапкершілік" ретінде төмендеткенін түсіндірді. 

3 желтоқсан сағат 17:30-да Энергетика министрі журналистерге брифинг беріп, бағаны одан төмен түсіру мүмкін емес екенін айтты. 

Бүгін, 4 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін" твиттер желісінде жазды.

"Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді", – деген Президент "Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс" екенін айтады.

Маңғыстау облысына Үкімет басшысының орынбасары, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы, Энергетика министрі бастаған комиссия барып, сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу