Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді

299

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Еуропа Одағы жетекшілерімен келіссөз алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. 

Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Брюссельге ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу