Қасым-Жомарт Тоқаев Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды

391

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды Фото: akorda.kz

Президент Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС өкілдері бейбіт жоспардың бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойғанын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу