Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқына көңіл айтты

738

Германияның Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде лаңкестік әрекет орын алып, 5 адам қаза тапты, тағы 200 адам зардап шеккен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия халқына көңіл айтты Фото: gazeta.ru

Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін. Қаскөй Сауд Арабиясынан барған босқын болып шықты. Ол көлікті жалға алып, жәрмеңкеге қасақана кіріп кеткен. Ақпаратты Die Welt басылымы жазды.

Сауд Арабиясы лаңкестік әрекетті айыптайтынын, Германия халқымен бірге екенін мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

– Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу